14.02.2022
  131


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

РАЙНИС ҚАРАҒАЙЫ

Таң атқанда шығыстан құшқан арай,
Жағасында Балтықтың үш қарағай.
Көрінеді көзіме ұлы ақыннан,
Латыштарға қалдырған үш баладай.
Үш қарағай бір ана баласындай,
Үшеуінің өзара жарасуы-ай!
Құнарлы топырақ пен күннің нұры,
Құнарын берген екен аласынбай.
Жап-жасыл бұтақтары саяланған,
Жыр болып қанаттарын жаяды арман.
Ұлы ақынның көзі емес,
өзіндей боп,
Ұрпақтары үзілмей аялаған.
Теңіз лебін шығыстан құшқан арай,
Жағасында Балтықтың үш қарағай.
Бұл үшеуі қасына барғандарға
Данышпаннан үлгі алған үш данадай.
Қарағайды көргенде күйіп денем,
Ала қызды.
Райнистай сүйікті екен!
Тірегі бар мызғымас латыштардай,
Тілегіндей ақынның биіктеген.
Оқығанда жүректен саралап жыр,
Мүмкін емес қалуы тарамай нұр.
Тұлпар – ақын болса егер, түк қалар ед,
Орман – ақын болған соң қарағай тұр.





Пікір жазу