14.02.2022
  120


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ОРМАН ƏНІ

Қарағайы қаптаған қалың орман,
Өздеріңнен он есе əні болған.
Соның бəрін жалықпай айтатұғын,
Бұлар дағы өзінше «заңы» бар жан.
Кəдуілгі паркі бар,
алаңы бар
Орман көзбен салынған қала бұлар.
Топ-топ болып айтатын хоры менен,
Шымырлата шырқайтын дара əні бар.
Қарағайға қастерлеп данасың деп,
Шібиталды сен нəзік баласың деп.
Қараталға қатулы қабақ түйіп,
Қаралығың үшін сен қаласың деп, -
Шеттететін шектеулер атымен жоқ.
Əуезділер айтады сəтімен кеп.
Ал қайыңдар «Ақпын» деп асқақтамас,
Емен кеуде кермейді «Батырмын» деп.
Əн сазына жапырақ елжірейді,
Оған мəз боп жезөкше жел жүреді.
Барлығы да біркелкі əн айтады,
Бір-біріне қозбайды «нервлері».
Кооператив бұларға кеген емес,
Дауыл соқса əніне береді егес.
Өз қызығы өзінде өседі орман,
Сыйлық,
 Даңқ!
Дегенің керек емес.
Топырақта уланған дерт болмауын,
Деп тілеймін оларға: «Көп бол жауын».
Орман айтқан əндердің мазмұндары,
Жер бетіне тілейді өрт болмауын.
Сыбызғы үні сыңсыған қалың орман,
Өздеріңнен он есе Əні болған.
Қажетіне Адамның жаратылған,
Бұлардың да «Тілі» бар,
«Заңы» бар Жан.





Пікір жазу