14.02.2022
  151


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТЕҢІЗ КЕШІНДЕ

Теңіз жатыр қорғасын түсіндей боп,
Ақ кемелер тізілген тісіндей көп.
 Шағалалар жиналды жағажайға,
Қалайыдан жасалған мүсіндей боп.
Басталғандай тамаша көңілділік,
Шамын жағып қарайды өңір күліп.
Теңізге кеп шомылып ес жиғандай,
Кешкі нұрға өртенген қоңыр бұлт.
Түн құсының көрініп ересегі,
Тұтқиылдан шошынар көре сені.
Сарайыңды ашатын сал айдыннан
Салқын саумал секілді леп еседі.
Көре алмайсың ешкімнің кірбіңдігін,
Мəз боламыз сөзіне күлдіргінің.
Көбейеді біртіндеп сейіл-серуен,
Көлеңкесі секілді бір-бірінің.





Пікір жазу