14.02.2022
  144


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БАЛТЫҚ ТЕҢІЗІНЕ БАРҒАНДА

Балтық мені сыйласаң,
Шағалаңдай ұшайын.
Толастамас қимас Əн
Толқыныңды құшайын.
Кең даламнан бетер сен,
Қарай берем елеңдеп.
Тең-тең жүкті көтерген,
Тербелейін кемең боп.
Өзіңді аңсап талай күн,
Өлең іздеп шығып ем.
Маягің боп қалайын,
Маған сенсең шынымен.
 Балтық мені сыйласаң,
Сені өзіме баладым.
Тас янтарын қимасаң
Жыр янтарын алайын.





Пікір жазу