14.02.2022
  130


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ДАУГАВА ӨЗЕНІН КӨРГЕНДЕ

Қиялым толқынында кезе берді,
Оралып ойларыма сөз өнері.
Он кеме қатар жүрсе сиятындай,
Арнасы неткен үлкен өзен еді.
Толқынын қаласына жанар етіп,
Іргесін Риганың жанар етіп.
Балтықтың теңізіне тербетіліп,
Бара жатқандай ғажайып дала көшіп.
Шынында
толқын болған дала, мына!
Алып қой сыйғанменен жанарыма.
Жетпейді-ау құдіретім, амалым не?
Жетектеп əкетер ем Аралыма.





Пікір жазу