14.02.2022
  144


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БОСТАНДЫҚ АЛАҢЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ

Қолында үш жұлдызы бар бір Ана
Ренжіп те,
Тұрғаны жоқ қуана.
Əйелге тəн парасатты мінезбен,
Ұшар биіктіктен қарап тұр, Ана!
Мұның өзі латыштарға асқақ əн,
Толып жатса дағы бұдан басқа əн.
Топ жұлдыздан шоқ жұлдызды уыстап,
Түсіп келе жатқандай ту,
аспаннан.
Үш жұлдызын ұшар қар ма деп қалам!
Ойландырған ойлар келіп топтанған.
Күрес,
Еңбек,
Бостандық па
Ананың
Алақанынан шуақ тауып тоқтаған.
Сəулетшінің бұл өнерін білер кім?
Талай рет ойға батып түнердім.
Ерте бастан қасиетін асырған
Елі, Жері, Суы ма екен бұл елдің.
Үш ұл ма екен армандаған бір Ана!
Үш бақыт па қолы жеткен бұл Ана.
 Елге еркін жарқыратып жұлдызын,
Ескерткіш боп тұрып қалған – ұлы Ана.





Пікір жазу