ЕСКІ РИГАДА
Көшелері қуықтай.
Тас табаны
Аяғыңның астына жасталады.
Тарантаспен өлшенген жол тағаннан,
Талыстай автобустар жасқанады.
Талай оқ пен отттардан аман қалған,
Үйлері тұр.
Не қилы замандардан.
Бір қышының мұрты да бүлінбеген,
Маған шындық.
Көрмеген саған жалған.
Латыштарға
ежелден жүрек болған –
Тап осы маң – күш болған,
білек болған.
Мүсіндері құдайдың босаға боп,
Қабат-қабат үйлерді тіреп қалған.
Қанаты бар арыстан бақырғандай,
Ұшып жүрген періште шақырғандай.
Көне ғасыр тұлғасы жақтауында
Терезелер қарайды батыл жандай.
Оның бəрін өте алсын елемей кім!
Осы болып тұрғанда керегі ойдың.
Мұнарасы аспанға тік шаншылған,
Адырнадан атылған жебедейін.
Тұрғындарға тұрғанмен саналып жай,
Ал мен үшін табылмас даналықтай.
Аты көне болғанмен
көңіліңде
Қалады екен таңғалтып жаңалықтай.