14.02.2022
127
ҒАРИФАҒА
Маған сендің.
Саған сендім мен дағы.
Бүрлей берді біздің үйдің кең бағы.
Күлімдеді гүл дидарлы келер күн
Білінбеді арада ызғар жел бары.
Өмір – бақтан сені ғана таңдадым,
Таңдадым да ұқтым бағым жанғанын.
Сен көтерген қиыншылық салмағы,
Маған жеңіл көрінбейді
жан жарым.
Қайда барсаң мені өзіңмен бірге де,
Түсірме ақау маған деген іргеңе.
Ауырлықты көрген кезде аяулым
Жайбарақат мен дем алып жүр деме.
Тоңсаң егер,
тұла бойым мұздайды,
Шіліңгір жаз болсын – денем қызбайды.
Сенің басың ауырғанда
жаным-ау,
Менің мынау жүрек етім сыздайды.
Күлімдесең басталады той маған,
Оралады өзің деген ойға да əн.
Сенің ұйқың бөлінсе егер, бір сағат,
Ұзақ таңға кірпік қақпай ойланам.