ЛАТВИЯ КӨКТЕМІ
Таулары жоқ қыс белгісін сақтаған,
Тақтасы жоқ балық бауыр мақтадан.
Жасаң шалғын шық моншағын тағынып,
Жазық жері жасыл орман қаптаған.
Ылғалы көп қыс ызғарын сақтаған
Диқаны көп жердің бабын баптаған.
Кездестірдім Латвия көктемін,
Қайшыласқан жыл құстары қаптаған.
Қыс пен күзін, жазын əлі көргем жоқ,
Қызықтадым, қызғалдағын тергем жоқ.
Кездестірдім Латвия көктемін,
Кереметтей тоғайы бар жерден кеп.
Бет көрістім жасымен де,
кəрімен.
Жолығатын латыштар көп əлі мен.
Кездестірдім Латвия көктемін,
Бұтақтағы бұлбұлдардың əнінен.
Көрдім тағы мəдениет тəртібін,
Бір-біріне шығармаған артық үн.
Кездестірдім Латвия көктемін,
Кереметтей толқынынан Балтықтың.
Ойларым көп өлең болар сезінген,
Түндерім жоқ тебіренбей көз ілген.
Кездестірдім нұрлы аспанын көктемнің,
Кербезденген қыздарының көзінен.