14.02.2022
  135


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЛАТЫШТЫҢ «БАЛЫҚШЫ» ƏНІН ЕСТІГЕНДЕ


Аңсағаның ақ сазан балық болып,
жүріп,
Тағы əн салдың қарық болып.
Суға келген қыздарға қырындайсың,
Маягіндей теңіздің жанып-сөніп.
Қағынам деп бойжеткен көк шелегін,
Қара тасқа түсіріп,
текке бөлдің.
Балиғатқа толса да əлдеқашан,
Баса алмады өксігін көпке дейін.
 Янтарь алып теңізден силадың сен,
Бір жігіттей қысылып,
қиналып өң.
Алмады оны, көнбеді көпке дейін,
Ауылың боп барыңмен жиналып ең.
Ой жүгіртіп болған жай-байыбына,
Жығынды боп істеген айыбына.
Күні-түні аулаған балық пенен,
Қарамады əкелген қайығыңа…
Таңғалатын көргендер сымбатына
Сондай шелек жасатып қымбатына.
Шықпай қойды үйінен сұлу бикеш,
Шың көңілмен барсаң да күн батыра.
Ең соңында балықшы өзің жылап,
Тамылжытып əн айттың сөзін сұрап.
Сұлу сонда күлімдеп барды саған,
Өміріңе бағыштап өзін бірақ.





Пікір жазу