14.02.2022
  106


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАМБЫЛ КҮЙІ ТОЛАССЫЗ КҮМБІРЛЕГЕН - ЖЕТІНШІ ЖЫР

Жамбыл елі дегенде
Жамбыл елі,
Жамбыл елі – атанған əн жыр елі.
Шөлдеп жүрмін.
Жəкеңнің дəстүріне,
Кеңірдектен келтіріп қандыр мені.
Арулары алаулы жан гүлі еді,
Асқарынан Алатау таң гүлі еді.
Əнім болып шырқалдың кеңістікке,
О, айналып, кетейін, Жамбыл елі.
Жамбыл жері жайлау боп кете берді,
Жас күнімде жастанғам бетегеңді.
Жас сұлуың жанымның арманы боп,
Жасыл белді ары асып жетеледі.
Жамбыл елі Алатау аясында,
Жер біткеннің жаннаты жаясында.
Жамбыл елі жемісті баққа оранған,
Махаббатым гүл ашқан саясында.





Пікір жазу