14.02.2022
  137


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МЕН ТУҒАН ЖЕРДІҢ БЕЛГІСІ

Мен туған жерде
Бар еді қыстау ескірген,
Табушы едім, сұрамастан-ақ ешкімнен.
Солардың бəрі жағалай құлап бітіпті,
Үстінен таптап, жол салып талай көш жүрген.
Мен туған жерде бар еді терек көктеген,
Бала кезде оған торғайкөз дəнді төккен ем.
Көзіме сонда көрінуші еді, ой, алла-ай!
Тұрғандай бейне көкпенен
тілдесіп
Көрінуші еді көкпенен биік тілдесіп,
Білінуші еді келе жатқандай күнде өсіп.
Жым-жылас орны,
Семдірсін Құдай Тағала!
Айтарым осы, əкетсе теректі кім кесіп.
Мен туған жерде жоқ еді белгі басқа көп,
Тал əкеп ексем, боламын тағы босқа əлек.
Белгісіз болып кетсе де мəңгі
Ақтаудан.
Белгі етіп жана,
Қоялман мəрмəр тасты əкеп.
Жоқ Белгі енді!
Мен туған жерде көретін.
Ойланып тұрмын.
Ойымды соған бөлемін.
 Қыстаудай үгіп,
Теректей бөліп ала алмас,
Мен туған жердің
Белгісі осы өлеңім.





Пікір жазу