13.02.2022
178
АЙКӨЗ
Өзенісің қай кездің?
Өтті талай белес-күн!
Құрып кеткен Айкөздің,
Көзіндей боп келесің.
Əн тыңдағам таңыңнан,
Аңдап ару елесін.
Мөртостаған маңынан,
Мөлдіреп бір келесің.
Таланттардың жыры боп,
Таптың елден жарасым.
Жеті өзеннің бірі боп,
Жетісуға барасың ...
Келмегелі өзіңе,
Кетті талай жыл болып.
Сағым болған көзіме,
Сағынышты жыр болып.
Атыңдағы қаланың,
Тұрғыны ғой туысым.
Мен де сенің балаңмын,
Кеңитұғын тынысым.
Болса дағы қай кезің,
Таңындай ғой Тамыздың.
Аягөзім – Айкөзім,
Алтын ұясы аңыздың.