13.02.2022
151
САЙРА-САЙРА БҰЛБҰЛ ҚҰС
Сайра-сайра бұлбұл құс, жасқанбашы,
Адаммын балалықтан асқан жасы.
Сен жақсы сайрасын деп жаз қалпағын,
Киюде Алатаудың асқар басы.
Мен саған тиіспеймін, айналайын!
Құмармын дəл осындай жайға дəйім.
Мен де өлең толғаған сəттерімде,
Ойымды бөлгендерді жақтырмаймын.
Сайра, сайра!
Жаныңды түсінемін,
Сыртқа шығар, жиғанша ішіңе мұң.
«Əнімді үйрен», – деп мені мазалаумен,
Ұзақ түнде ұйықтаған түсіме ендің.
Өзге құстан əрі əсем, батыл үнің,
Тағы ерекше таңды да атыруың.
Сен торғайдың ішінде бұлбұл болсаң,
Мен адамның ішінде ақынымын.