13.02.2022
  100


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Қыбыр, қыбыр, қыбырлап,
Шыға алмадың əлектен.
Сылти басып, сыбырлап,
Жүрсің бе сол əдетпен.
Ауылдағы өсекті ,
Алматыға жеткізіп.
Сол баяғы «есепті»
Жүрсің бе əлі өткізіп.
Неге осынша желігіп,
«Жолман» жүрдің жосылма.
Ақын дейді сені жұрт,
Ақындығың осы ма?





Пікір жазу