ҒАБИТ-ҒАЗАЛДАР - БІРІНШІ ЖЫР
Қызылжардан күтіп алды бұларды,
Ішінде бар есектер мен құланы.
Бəріне де базар болды Мұқанов,
Мүсірепов баппен шеттеп тұрады.
«Тапқандаймыз сіздерменен бақ молын!...»
Деп бастады секретары парткомның.
Бұйрықпенен əрбəр сөзін шегелеп,
Мақтан етті өзі отырған тақ төрін.
Қос жазушы жайлы еді айтпағы,
Айта алмады.
(Білмеген соң айтпады).
«Ұлы» сөзін қисынсыз-ақ қыстырды,
Шын Ұлылыр «Ұлымын» деп айтпады.
Сөз сөйледі балдыр-батпақ жай ұзын,
Қандырмады ешкімнің де айызын.
Қонақтардың құрметі үшін бастады,
Белорустың ұшуымен «Аистын».
Тосты алдыменен Сəбең сөйлеп көтертті...
(Белгілі ғой
келер кезек Ғабеңдікі екені).
... күн ыссы екен, өртенерміз-з мынауме-е-н,
Нұрлы болсын туған жерді-ің ерте-ең-ң-і.
Ел мен Жерді аман қылсын Құдайым,
Бəріміз-зден аулақ болсы-ын уай-йы-ыым!
Мен сағындым ауылымның ауас-с-ы-ын,
Со-л үшінде-е
Мен ауаны жұта-а-йы-ын.
Деді Ғабең бастап айтып сөздерін
Қыз-келіншек алмай тікті көздерін.
Шаң көтеріп машиналар жосылды,
Преснов ауданына көзкөрім....