meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.02.2022
  140


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - ОН ЕКІНШІ ЖЫР

Сəкен Иманасовқа
Тарқады құсбазары алып тыным,
Далиып жатты Алакөл жарықтығым.
Шопанның жолыменен қайтты ауылға
Шофері, жүгі ауыр балықшының.
Өлең боп оралады ойға бүгін,
Өн бойы Тоқта, Барлық қойнауының.
Шабарман болып бізді шақырады,
Шамдары самаладай қойлы ауылдың.
Аспанда Ай Алакөлді сағынғандай,
Толқынға шомылады лағыл маңдай.
 Айдынды көл төсіне сыйлық болып,
Аспанның бар жұлдызы тағылғандай.
Жамылып кешкі ауасын салқындаған,
Аққу-қаз жайлымында қаңқылдаған.
Қалтқысыз қанат қаққан қоңыр самал,
Қазақтың көңіліндей аңқылданған.





Пікір жазу