13.02.2022
  120


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - ОН БІРІНШІ ЖЫР

Демалып талай,
Көп көрдім,
Қапталың қамыс, көгілдір.
Айналаң айдын
Көк толқын,
Алмайды тыныш демін бір.
Шағалаң бейне жауған қар,
Шаңқылдап ұшқан тынымсыз.
Жағаңда жазың шыбынсыз,
Күндізің шуақ,түнің күз.
Ойыма қанық есімің,
Өлең ғып жазам ерінбей.
Алакөл – ару бетінің,
Сияқты қара меңіндей.





Пікір жазу