13.02.2022
82
ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - ЖЕТІНІШІ ЖЫР
Жəмилаға
Емілдің гүлі жүзіңде,
Ерте кеп көктем құлпырған.
Ізгілік бітіп ізіңе,
Ілтипат қылам сыртыңнан.
Толқыны бота көзінде,
Тұп-тұнық болып тұратын.
Жан қайда жетер өзіңе,
Жанымды сендей ұғатын.
Өзіңе сырды ақтардым,
Өмір деп ұққан ұятты.
Көңілің сенің ақжарқын
Көктемгі самал сияқты.
Қызықты өткен қыз күнің
Қымбатты дала бауырында.
Боз бурыл аттың тізгінін
Бұрғамын талай аулыңа.
Айлы да,
Айсыз күн келсе,
Аялап қарап,
– Тек, – дедім.
Əуейі əлдекімдерше
Əдептен асып кетпедім.
Емілдің қызы,
Мен саған
Есілген леп боп өтемін.
Көре алмай
Көптен аңсаған,
Көңіліме əн ғып кетемін.
Атқанмен бірге таңым да,
Төккенмен нұрын алдан күн.
Елжіреп жүрген жаныма,
Емілдің қызы – арманым!