13.02.2022
  154


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - АЛТЫНШЫ ЖЫР


Емілім, менің, Емілім!
Еншіме сендей бақ бардай.
Жақұты жастық кезімнің,
Жағаңды жайлап жатқандай.
Емілім, менің Емілім!
Ыстықсың маған жанымдай!
Өзіңе тартқан өр ұлың
Өріңде жанған жалындай.
Таңдарды күтіп,
Ақырын
Табысар кезді білгендей.
Созылып ағып жатырсың
Соңымнан іздеп жүргендей.
Кеш болса дағы сезіндім
Шырағын арман жаққандай.
Жырларын ақын көңілдің,
Жүремін қалай ақтармай.
Болмысыменен тыңдайтын
Бозторғайға əнді создырған.
Боз ала таңнан шулайтын
Бота мойын боз тырнаң.
 Таусылмас сенен сыр ұғып,
Толқимын ұстап қолды артқа.
Толқының толқып жүгіріп
Жатады Алакөл жаққа.
Емілім, менің Емілім!
Ыстықсың маған жанымдай
Бір өзің бүкіл елімсің,
Жүремін қалай сағынбай.





Пікір жазу