13.02.2022
  112


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - БЕСІНШІ ЖЫР

Өзеннің бойы көкпеңбек,
Елімнің көсегесіндей.
 Топшысы бекіп көкке өрлеп,
Толқындай толқып көсілді ой.
Өзеннің бойы жап-жасыл,
Еркелеп көктем жатқандай.
Еккендей жұмсақ жанға сыр,
Есілген лебі мақпалдай.
Тауап қып лепке жүгінем
– Есе түс!
Есші! – дей берем.
Алқына маған жүгірген
Анамның деміндей көрем.





Пікір жазу