13.02.2022
  227


Автор: Абдрахман Асылбек

Арыстан

Оқудан – алыстан
Келгенде ағам,
Ойыншық арыстан
Әкелді маған.
Тетігін бұраса,
Көздері жайнап,
Бұрқанған бураша
Шегеді айбат.
Күшіктің жанына
Қойып ем жайлап,
Арыстан тағы да
Көрсетті «қайрат».
Секіріп, секеңдеп,
Бассалды Мойнақ.
Жаны бар екен деп,
Қалыпты ойлап.





Пікір жазу