13.02.2022
  174


Автор: Абдрахман Асылбек

Өкініш

Анамыз бір нанды
Берсе де тең бөліп,
Шығарып лаңды,
Лақтырдым мен келіп:
– Жемеймін жарты нан
Мені жек көресің.
Ағама қалпынан
Неге көп бересің?
Қойыпты ағам жеп
Болса да жарты нан.
Бүтінін алам деп,
Өкіндім артынан.





Пікір жазу