13.02.2022
  184


Автор: Абдрахман Асылбек

Көпірде

Дәл көпірдің үстінде
Бала аюлар жолықты.
Бұрын өтер күш кімде?
Сынамақшы болыпты.
«Сенен бұрын өтем!» – деп,
Екеуі кеп тіресті.
«Менің белім бекем!» – деп,
Екеуі кеп сіресті.
Екеуі де бір кезде
Суға барып құлады.
Келіспесең бір сөзге,
Осылай боп тынады.





Пікір жазу