13.02.2022
  820


КЕШІР ДОСЫМ! 

Досым енді сенде мені кешірші, 


Керек емес бос сөздерді өшірші. 


Қателесіп кейде менде қаламын, 


Бар көңілді өзіңе сен көшірші. 


 


Пендеміз ғой қателесіп тұрамыз, 


Ауыр сөздер, ауыр ұрыс құрамыз. 


Болса мейлі жақсы болып барлығы


Кешірімге лайық етіп аламыз. 


 


Бола ма, болмай ма оны білмеймін, 


Көңіліңе жақсы сөздер ілгеймін. 


Бар жақсылық ниет етіп басталар


Болса екен бар ғажайып түрлері. 


 


Қаладым мен көңілдінің ажарын, 


Мұңайтпасам болмас па еді ғажабын. 


Ойламадым жаман болып кетер деп


Жақсылыққа жору деген азабын! 


 


Болса екен барша адам мейірімді


Ауыр сөзге жуытпас әр көңілді


Қимастықпен қоштасқан әр жақсылық 


Қуанышпен оралса екен бүгін де


 


Мейірімді жан табылса екен қасыңнан


Болады гой әрбір сәтің асылдан


Ойлап енді тағы біраз қарашы


Озып жүрер жамандықтар асылған


 


кешірші енді қателескен досыңды


Ойламапты ау болар залым көңілді


Жақсылықты бәрі ұмытып кетіп ед


Болды бітті кешіктік біз бүгінде 


 


Ойланайық тағы біраз жақсыны


Болды емеспе алтын сөздің асылы


Неге бұлай болады екен менімен


Ойымда бұлай болмап еді бар сырым 


 


Артық мен арамандап кеттім бе


Үміттері үзілген шақ күттің бе


Бәрін енді қалдырып сен кеттің ғой


Жауаптысың мұңайған сен көп күнге.  


 


 


-Өмірзақ Әсемай♡ 





Пікір жазу