meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.02.2022
  180


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАТАРЫМ ЕҢ

Өтежанға
Өте-өте!
Тым өте, жан едің Сен.
Өте жақын жүрген соң ғана білгем.
Тракторға тіркеуші болған кезден,
Көктемде де сырластың жаңа гүлмен.
 Жаңа ауамен,
Жаңа таңмен
Сен ерте амандастың,
Трактор боп тірлікке қадам бастың.
Опаланды қап-қара топырақпен,
Өлеңді ойлап жүретін жалаңбасың.
Осылайша Байғанин даласына,
Боразданы тарттың сен таң атыра.
Ойларынан өлеңнің түрендері,
Өрілді кеп қазақтың баласына.
Ақындардың ішінде досым ғана ең,
Өзегіңде еркінсіп қосылған ем.
Мекен еткен ғашықтар даласына,
«Менің махабатым» боп қосылған ең.
Жалынына тастамай бөтен оттың,
Өтінішім айтылған өтелетін.
Қатарым ең,
Қаталдау болсаң дағы,
Еркінсіген кезімді көтеретін.
Тоғысатын ойларым арманыңмен,
Жарастық қой осы бір жалған күнмен.
Шақырып ең үйіңе əнеугүні,
Əттеген-ай!
Неліктен бармадым мен?





Пікір жазу