13.02.2022
  144


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Алысып өмірдегі қайғыменен,
Атымды жазған жырым əйгілеген.
Көктеменің гүліндей жайқалсын деп,
Көңіліңнен көктетіп жайдым өлең.
Көңілімнен көктетіп жайдым өлең,
Құлпынай боп құлпырсын жайлы белең.
Оң қабағым күлімдеп жүрейінші,
Оңтүстіктен өзіңдей жайды көрем.
Бара жатыр ойларым жалын болып,
Əр қимылың аяулы жанымда өтіп.
Қара құсын қайғының қашан, жаным,
Тарқатамын өзіңнен таңын көріп.





Пікір жазу