13.02.2022
  107


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Мынау сəтсіз хабарың, рас па, бұл!
Болушы ем ғой кішкене қыр ассам гүл.
Таудан да астым, бұл күнде ойдан да астым
Өрнектедім не түрлі трассқа жыр.
 Тасқа жаздым бұл жырды, тауға жаздым,
Осы болды өмірден аулағаным.
Қаз-үйректің басқалар төксе қанын,
Бұлбұл үні үшін мен бауға бардым.
Жібермедің сұм тағдыр, ерттедің сен,
Жүрегімді шыжғырдың өрттеріңмен.
Арқандағы ботадай боздасам да,
Айықтырмай ұстадың дерттеріңмен.
Естігенде кетті ғой денем шошып,
Көз алдымда дүние елеңдесіп.
Таңғы ауадан жаралған табиғат ең,
Тазармаған белеңге келем көшіп.
Өсетұғын əлі де ұланым бар,
Айтатұғын асқақты бір əнім бар.
Тарғақ болып өртеңде өртенем бе,
Тарлау едім тауда өскен құлан құмар.





Пікір жазу