13.02.2022
182
АҚ БҰЛТТАР
Тауларыма барад деген дақпырт бар,
Сол рас па, аспан кезген ақ бұлттар.
Онда менің жан теңгермес анам бар,
Өрешеден үзбейтұғын ақ құрттар...
Күнə емес, сағыныштан егілген,
Ысырап емес, көздің жасы төгілген.
Ей, ақ бұлттар, жолда қалар жаңбырың,
Анам жайлы ағытсам жыр селін мен.
Толастамай өтіп жатыр талай күн,
Топ-топ болған керуеніңді санаймын.
Сəлемімді өлеңменен жазылған,
Сəл төменде,
саған орап салайын!.
Берсе дағы бұл табиғат сондай күш,
Мен кенжесі ем, аңсады ғой ол байғұс.
Жай-күйімді жеткізші тез ақ бұлттар,
Зиратының құлағына қонбай құс!...