13.02.2022
  203


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР - БІРІНШІ ЖЫР

Ауылда өскен жолдардың жұтып шаңдағын,
Атырып не бір ақ жарқын дала таңдарын.
Қайысып бір сəт қабырғалары көрмеген,
Қаршадайынан,
көтерсе де өмір салмағын.
Күс қолды көріп,
іс жолын толық білгендер,
Көңілі ала, көлеңкелі оймен жүрмеңдер.
Алатын үлгің толып та жатыр ауылдан,
Тор сыра сатып, тотықпай жүзі жүргендер.
Жаңалық десең кетеді жаны балқып тез,
Жанына жағып,
үйіріп тілді бал сүт кез.
Сауық күндерде «Сарыарқа» болып
күмбірлеп,
Жүреді шалқып, естілмей бір де артық сөз.





Пікір жазу