13.02.2022
  112


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АУЫЛ

Шағырмақтанса шағи күн,
Көлеңке керек басыңа.
Алдында əрбір ақ үйдің,
Трактор менен машина.
Адамын бірден танисың,
Тотыққан жазық маңдайы.
Тұсында əрбір ақ үйдің,
Түтінін созған комбайн.
Жүзінде кейіс жоқ тегі,
(Көрмеген бір де суып тер)
Бұлтылдап бұлшық еттері,
Бұлғайды қолын жігіттер.
Төгіліп кəусар күлкісі,
Түрленіп түске жаз алаң.
Жастықтың ұшса жыл құсы,
Жас келіншектер мəз оған.
 Жаңғыртып даусы даланы,
(Жайлауға жасыл тым құмар).
Суаттап кетіп барады,
Соңырқап келген жылқылар.
Өнерлі мұнда бауыр көп,
Еңбектен шыққан шыңдалып.
Өмірде осы ауыл боп,
Өсудің өзі шын бақыт.





Пікір жазу