13.02.2022
188
ƏЖЕ
Басыңа қонса дағы қыраулы қыс,
Біз үшін жүрегіңде тұр-ау тыныс.
Ұл, күйеу үйлері боп бөлінсек те,
Көзіңнің нұры барда бір ауылмыз.
Кəрілік рас таяп, жуықтады,
Мамыр күн көңіліңді суытпады.
Өзіңе шетімізден қауышамыз,
Сияқты бір шаңарақ уықтары.
Əжетай шаттанамыз күлімдесең,
Асқар боп биіктейміз «Күнім», – десең.
Аяғын тəй-тəй басқан Айнашымның,
Айтылған алғашқы əні, тілінде – Сен.
Бір сөзің бізді аспанға самғаттырған.
Думан ғып, қызықтырып, таңды аттырған.
Əжешім, сенің ізің алтын жол ғып,
Іргесін үйіміздің жалғап тұрған.
Жайылып күннен-күнге керегеміз,
Есейдік. Еншілікке не береміз?
О, таптым!
Дүние деген қалсын адыра,
Жүргенде жұлдыз болып немереңіз!