13.02.2022
  145


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАРЛЫҒАШЫМ

Сауырыңнан аяласа жел жібек,
Бауырыңнан айналды нұр елжіреп.
Бұл өмірде сүю деген тұнықтық,
Тұратұғын мөлдіреп.
 Сен дегенде бойды билеп күш ағын,
Қыр гүліне толды менің құшағым.
Қарлығашым қанатыңды қаға түс,
Кеңістік боп құшамын.
Қарлығашым, кете алмайсың қиып бір,
Махаббатым шуақ болып сүйіп тұр.
Бұл өмірде сенің жаның сондықтан,
Барлығынан биік тұр.





Пікір жазу