13.02.2022
100
АЙНАШ ПЕН АРХАТҚА
Сендер деп айтып əн атын,
Серуендеп гүлді құшамын.
Екеуің екі қанатым,
Елдерді самғап ұшатын.
Сапарын тілеп бұл жырға,
Салиқалы ой мен күшін де.
Саздарын арнап бұлбұл да,
Сайрайды сендер үшін де.
Көретін шаттық үй маңын,
Екеуің нұрлы көзімсің.
Сендерге ғана сыйлаймын,
Жанымның мөлдір сезімін.
5-10 ақпан, 1969 жыл.
Алматы