13.02.2022
  116


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Ну болғайсың туған жер шөлдеріне,
Нұр болғайсың гүлдерге көмкеріле.
Құраннан соң, оқисың жырларымды,
Қабірімнің басына келгеніңде.
От болғайсың қаңтарда терлететін,
Күй болғайсың көңілді тербететін.
Құрмет көрсет құшағын ашқандарға,
Алакөзге болғайсың белдесетін.





Пікір жазу