13.02.2022
178
АҚЖАРҚЫН СƏУЛЕ
Ақжарқын сəуле арманым болып кеткен ең,
Ары асып бұлттан, таласып шырқау көкпенен.
Жетсем деп соған ынтықсам дағы жете алмай,
Биіктеп барып, тау болып сұлап шөккен ем,
Биіктеп барып, тау болып сұлап шөккен ем,
Сен болып менің бар биіктігім жетпеген.
Қарасам бір сəт көзімді салып төменге,
Қаптап жүр екен аласа жандар менен де.
Шүкірлік етіп, кеткем жоқ бірақ мен бұған,
Басқаша болып көңілімдегі ендігі əн.
Болған соң жаным арманның қуған асқарын,
Аласармасын дей бердім биік сен тұрған.