13.02.2022
  140


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖЕКЕ ШУМАҚТАР

* * *
Біреулердің ат сабылтқан жақсы ісі –
Біреулердің қуырылуы апшысы.
Біреулердің келекесі, мазағы –
Біреулердің құтылмаған азабы.
* * *
Жақындықты жағымпазға балама,
Аңғалдықты, арамдық деп санама.
Көңіл деген тұнған тұма мөлдірі,
Оған əсте тас лақтырып қарама?
* * *
Əрине бұл көзқарасым өзімнің,
Тілейтінім қойма маған көпшікті!
Білетінім маған деген сезімің,
Білмейтінім шашыңнан да көп тіпті.
* * *
Тапсаң да менен басқа мін,
Сырымды осы адал ұқ.
Жалғандық болса, шаштарым
Найза боп тұрсын қадалып!





Пікір жазу