13.02.2022
349
АМАНСЫҢ БА, БАУЫРЛАР!
(Мағжан ауылында оқылған өлең)
Сағыныштан жарамыз,
Жазылмастан барамыз.
Амансың ба,
Бауырлар!
Алыстаған арамыз.
Тағдыр өзі теппеген,
Күндері жоқ.
От денем.
Амансың ба,
Бауырлар!
Көзден жасы кетпеген.
Орны толмас ауылдар,
Ойран қылған дауыл бар.
Ана тілден айрылған,
Амансың ба,
Бауырлар!