13.02.2022
136
СƏБИТ АҒА
Бақытыңыз тұр бүгін бақтай гүлдеп,
Біздер үшін лаулаған дап-дайын от.
Шашыңыздың талдары елестейді,
Өлкеңізде өсетін ақ қайың боп.
Сөзіңізден еседі көктем лебі,
Көзіңізден көреміз өткендерді.
Елестейді тағылған ордендерден,
Солтүстіктің ботагөз көп көлдері.
Ортамызда шырқалып сыйластық əн,
Аға дейміз қарттыққа қимастықтан.
Туған күнің қазақты тік көтерді,
Думандатып жатады күй тасып маң.
Қарамастан мезгілді таң сəрі деп,
Тойыңызға бар бұлбұл əн салды кеп.
Академик жазушы жасауың хақ,
Біздің əдебиеттің маршалы боп.