13.02.2022
  191


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ƏКЕ ЗИРАТЫНЫҢ БАСЫНДА

ТӨРТІНШІ ЖЫР
 Басында тұрмын əке зиратыңның,
Бермейді ойлар легі миға тыным.
Жеткенше осы араға сан мəртебе,
Ағаштай дауыл күнгі қиратылдым.
Сұладым ....
Сыдырылды қабықтарым.
Болмады күресуден жалыққан күн.
Керістім кедергімен!
Берілмедім
Қайратпен өзімді-өзім алып қалдым.
Өлмедім.
Ауырсындым,
Ыңырандым,
Айтуды тоқтатпастан ғұмыр əнін.
Үміттің лапылдаған отын жағып,
Үстімнің шаңын қағып зымырадым...
 Жол тегіс.
Айықпадым көк тұманнан,
Шыға алмай шырматылдым көп құмырдан.
Ториды анадайдан арлан-күдік
Шайқалған шақша басы соққылардан.
Жол тегіс ...
Арылған соң көк тұманнан.
Көрмедім ешбір жайды соққыға алған.
Шақырды шаң-тозаңнан арылған соң,
Шадыман қарсы алдымнан отты арман.
Шақырды ...
Құшақ ашты,
Жол бастады.
Мен ердім.
Жатты істеліп жол бастаны.
Мұңдарын ішіндегі жаспен жуып,
Булықпай еркіндіктің қолдасты əні.
Сол əнді айтушының бірі менмін,
Жүрегі болып соққан жылы жердің.
Телегей Шалқар деген атыңа сай,
Тербелдім толқыны боп ұлы көлдің.
Көрдім мен Жорғаң1 менен Бақанасты2
,
Болдым мен берген жерде атаң асты.
Сен емес,
ол кездегі халық емес.
Заманың зəкүнчик боп қаталасты.
Мен көрдім Сарқамыс3 пен Қусағыңды4
,
Қан менен суғарылған жусаныңды.
Қаңқасы2 Шəкəрімнің қаңсып қалған,
Болып бір кетпейтіндей жуса кірі.
Қытайды панасы ғып,
Сел боп тері
Қандайлық оңды болған ел кеткені....
1,2,3,4 Ақынның əкесі туған Шұбартаудағы жер аттары. 5 1931 жылы қыркүйекте Абзал Қарасартов атқан Шəкəрім мүрдесі айдаладағы Құрқұдықта 1962-жылға дейін жатқан.
 Əйтпесе сүйегіңді шашар еді,
Əйгілі НКВД-ның жендеттері.
Бітпейтін дана дастан толғаса өзі,
Шəкəрім əрі ұстаз, жолдас еді1
.
Тағдырың болмаса, ондай,
мына мендей,
Талантты ақын ұлың болмас та еді.
Егер де ұстап алса,
Жолда сені
Бұл Жерде зиратың да болмас еді.
Батырлық-Бостандықтың бастаушысыБітпейтін нағыз дастан толғаса өзі.
Оқ аттың оқ атқанға өжеттеніп,
Көрмедің көкаттыға бөзек болып.
Күн көрдің еркіндіктің арқасында,
Кетсең де күншығыстан тезек теріп.
Тұманға тұмау болып тұтылмадың,
Өсек боп үрді артыңнан құтырған үн.
Советтің құрығынан құтылғанмен,
Құдайдың «құрығынан» құтылмадың.
Аруағың бір қозғалып жатқан шығар!
Немерең сені бүгін мақтан қылар.
Өмірде байлық, даңқ болса дағы,
Өзіңдей қайда маған Бақ табылар?
Басында тұрмын əке, зиратыңның.
Бермеді ойлар легі миға тыным.
Жеткенше осы араға азап тартып,
Ағаштай дауыл күнгі қиратылдым.
Басында тұрмын Əке зиратыңның,
Бермейді ойлар легі миға тыным.
Жеткенше осы араға азап тартып,
Ағаштай дауыл күнгі қиратылдым.
1 Кеңесжанның əкесі Шалқар – Шəкəрімдей ұлы ақынның ең сенімді
адамы болған.





Пікір жазу