13.02.2022
  109


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СƏСКЕ СЫРЫ

Шеңберлеп жанған шағын от,
Сөнуді білмес əсте бір.
Бесіннің жастық шағы боп,
Бетімді сүйіп сəске тұр.
Жан берді тағы сəндікке,
(Жасампаз өмір бұл деген).
Жабырқап тұрған жəндік те,
Жадырайды ойнап гүлменен.
Шаттық ап ана-жанардан,
Күлкіге тұнды қыр қызық.
Ақ мұнар нұрдан жаралған,
Айдында аққу жүр жүзіп.
Дөңгелеп жанған шағын от,
Сөнуді білмес əсте бір.
Жалынды жастық шағым боп,
Жаңа арқан бойлы сəске тұр.





Пікір жазу