13.02.2022
  180


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАРЫҚ ДҮНИЕ

Жанары жайнап,
төгеді еркін күн нұрын,
 Жарық дүние шіркін,
жаннатым менің тірлігім.
Қасиетің ғой сенің,
өрт қаптап бара жатқандай,
Қаулатқан анау қыр гүлін.
Қарасаң оған жетеді ойлар тербеткен,
Қайғыңды сырып,
күй сезім өбіп жер-көктен.
Қасиетің ғой сенің,
тоздырмай жасыл тұлғасын
Қарағайларды өрлеткен.
Сиқырлы тұлғаң арбайды көзді тау жақтан,
Сыбызғыға үн толғап,
қағады қанат аунап əн.
Қасиетің ғой сенің,
жаныммен толқып мына мен,
Өлеңнің отын лаулатқан.
Жарық дүние шіркін!
Бақыттың көзі, қайнары.
Кететін бастап биіктіктерге қайдағы.
Ой жеткен жерге қол жеткен кезде төмендеп,
Қалуы хақ қой Ай-дағы.
Жанары жайнап, төгеді еркін күн нұрын,
Жарық дүние шіркін!
Жаннатым менің тірлігім.
Бабалар біздің осы үшін ұран шақырып,
Өткенін баурым, біл бүгін.
* * *
Дауыл дарын,
Бауырларым.
Шаттық гүлін жайқалтқан,
Жауындарым.
Бауырларым,
Ауылға Күн.
 Сендер барда білінбес
Ауырғаным.
Сендердегі пəк тұныққа
Қанбадым,
БауырларымАтып келе жатқан жаңа
Таңдарым.





Пікір жазу