13.02.2022
169
ҚҰШАҒЫҢДЫ АШШЫ, ТУҒАН ЖЕР
Жарыммен алғаш танысқан,
Жадымда тасып жырдан сел.
Сағынып келдім алыстан,
Құшағыңды ашшы, туған жер.
Өзіңсің айтар жаңа əнім,
Қанбайтын мəңгі құштарым.
Алыста қалған анамның,
Ап келдім сағыныштарын.
Жамылып келдім қыс айын,
Жаныңның оты жарқылдап.
Көгершін болып ұшайын,
Көгіңде биік шарықтап.