13.02.2022
  202


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КӨКЕМАРАЛ

Арудай, күрең көйлекті,
Көзімді тартып барады.
Алып ең қайдан келбетті,
Даланың көкемаралы.
Алыстан көрсем сенбеймін,
Қурай деп сені əсте де.
Құмарта жүріп өрлеймін,
Құрбыларменен бəстесе.
Тарихқа бөлшек бар сенде,
Сырыңа қанбай толғандым.
Кімдерге көке, кімдерге, –
Белгісіз марал болғаның.





Пікір жазу