13.02.2022
  132


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАРЛЫҒАШ

Көзің қыздың жасындай
Сағынышта таматын.
Жас сұлудың қасындай
Жарасқан қос қанатың.
Бал үніңе қанықпын,
Тағы сайрап, шалқышы.
Бауырындай балықтың
Жүрегіңнің дəл тұсы.
Көзің қыздың жасындай
Сағынышта таматын.
Жас сұлудың қасындай
Жарасқан қос қанатың.





Пікір жазу