13.02.2022
  189


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ШЕКАРАШЫ

Жердегі аңның ізі мен
Көктегі құстың ұшқанын
Өткізеді көзінен
Айласы деп дұшпанның.
Сақшылыққа жаттығып,
Зерттеп жолды тегіс, кең.
Талай таңды атырып,
Келеді ол жеңіспен.
Күндіз-түні, сен мейлі,
Қара ұзақ таң алды.
Ешқашан да сөнбейді
Бейбітшілік жанары.





Пікір жазу