13.02.2022
125
СЕН ЕКЕУМІЗ
Ақ толқынын аймалаған майда леп,
Сен екеуміз бір бұлақтың қайнары ек.
Құрбы-достар іздеп келген шақтарда
Жанарына жаз орнатқан жайдары ек.
Сен екеуіміз бір тəуліктің кезі едік,
Сен екеуміз мұңсыздың қос көзі едік.
Мағынасын мазмұндырақ беретін,
Сен екеуміз бір сөйлемнің сөзі едік.
Сен екеуіміз бір көшенің шынары ек,
Бірімізге біріміз тым құмар ек.
Шаттығымыз ортамызда əн-күй боп,
Жүруші едік жүректерді əлдилеп.
Сен екеуіміз бір көктемнің құлпырған,
Қызыл гүлі ек, өңімізден нұр тұнған.
Арманым сол – айрылмасын арамыз
Екі парақ қағаздайын жыртылған.