13.02.2022
382
СТУДЕНТТІК ШАҚТАРЫМ
Мен өзіңде таттым білім бал дəмін,
Сенде жүріп өсті менің талғамым.
Бір биіктен, бір биікке құмартып,
Арман жолын алға қарай жалғадым.
Сенде ашып жүрегімнің аптабын,
Құрбы қызды достарыма мақтадым.
Арылмайтын арман берген жаныма,
Ыстықсың-ау, студенттік шақтарым.
* * *
Қиын екен көңілге күдік кіріп,
Жазықсызды өсекке іліктіріп.
Білмегенсіп ештеңе адал досың
Қиын екен алдаған күліп тұрып.
Қиын екен жанарға жас толуы,
Қиын екен жүректің тас болуы.
Сыр-шарабын өмірде бөліп ішкен,
Қиын екен досыңның қас болуы.
Қиын екен сертінен жар тайғаны,
Қиын екен толыңның ортайғаны.
Қиын екен бəрінен өмір гүлі –
Жас арудың мезгілсіз қартайғаны.