13.02.2022
150
БҮЛДІРГЕН БҮРШІКТЕРІ
Көктеммін мен де өмірге,
Бүлдіргенім бүрлеген.
Мөлдіреп жатқан көңілде
Танысқан жақсы жырменен.
Жетілсін десең алғы күн,
Жаңбыр мен нұрды аяма.
Жалғыз талын шалғынның,
Аяққа баспай, аяла.