13.02.2022
162
ТУҒАН ЖЕРГЕ
Айтуға өмір бойы құлшынамын,
Туған жер – ой тербеткен сыршыл əнім.
Мен сенің жазиралы кең төріңде,
Лапылдап жанып тұрған бір шырағың.
Өз тұлғаң сарқылмайтын өлең-дастан,
Ұлыңа композитор – сен алғашқы əн.
Мен сенің шөлдеріңе, құмдарыңа
Бұлақ боп жүгіремін демалмастан.